Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Көркем мінезге қол жеткізу

0 1  154

Адамның жаманы болмайды, амалдың жаманы болады. Көркем мінез адамды жақсылыққа апарады, ал жақсылық адамның шынайы келбетін көрсетеді.

Көркем мінез дегеніміз – Пайғамбарымыздай (с.а.у.) мейірімді, жұмсақ болу. Адал, қарапайым, шыншыл, сабырлы, төзімді, кішіпейіл, кешірімді болу. Ізгіліктен, адамгершіліктен әсте арылмау. Өзгелерге қолымен де, тілімен де зәредей зиян тигізбеу.

Алла Тағала:وإِنَّكَ لَعَلى خُلُقٍ عَظِيمٍ

«Расында, сен ұлы ахлаққа иесің» («Қалам» 4-аят), – деп, Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мінезі ұлы, кемел екенін  баяндаған.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде Мәлик (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  мынандай сөзін жеткізеді: «Мен көркем мінездерді толықтыру үшін жіберілдім».

فَقُلتُ : يَا أُمَّ المُؤمِنِينَ ! أَنبئِينِي عَن خُلُقِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيهِ وَسَلَّمَ ؟ قَالَت : أَلَستَ تَقرَأُ القُرآنَ؟ قُلتُ : بَلَى . قَالَت : فَإِنَّ خُلُقَ نَبِيِّ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيهِ وَسَلَّمَ كَانَ القُرآنَ .

Сағд ибн ҺишамнанжеткенхадистеАйшаанамыздан: Пайғамбарымыздың (с.а.у)мінез-құлқыжайындасұрағанда, ол: «СендерҚұрандыоқымайсыңдарма? Ол: «Ия, оқимын» деді. Айшаанамыз: Оныңмінез-құлқы – Құранғой», – депжауапберген.

Көркем мінез – ол пайғамбарлардың мінезі, ол шыншылдармен ізгілердің мінезі.

Хазіреті Омар: «Адам бойында болмысынан келе жатқан он мінез бар, оның тоғызы – жақсы, біреуі – жаман.  Жаманының басын бос қоя берсең, басқаларын бұзады»,– дейді. Демек, жаман мінезді жақсы мінезге қойға қасқыр шапқандай шаптырмай, күзетіп, тізгіндеу адамның қолындағы шаруа екен.Көркем мінезге ие болғанның иманы бүтінделеді. Басына ғылым да, бақ та, тақуалық та келеді.

Абай атамыз: «Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын!», – дейді.

 Адам болып келу оңай, адам болып қалу қиын – деген. (Абай)

Ислам – көркем мінез бен әдепке негізделгендіктен әрдайым тазалық пен пәктікті насихаттайды.Мінез – құлық әркім өзінің кейпін көрсететін айна.

Нағыз мінез жұмсақтығы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бойында жинақталған. Оның өнегілі ғұмырын оқи отырып, өзіміз үшін тәлім-тәрбие есігін ашамыз, нәтижесінде, Алла сүйіп қарайтын мүміндердің қатарына қосылуымызға үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізеріміз хақ.

Нағыз мұсылман Қиямет күні амалдарының ішіндегі көркем мінезі таразыда ауыр салмақ басатынын бір сәт ұмытпайды. Оның мінез-құлқы шыншылдық, аманат, туралық, уәдесіне берік болу, тіліне ие болу, ойының таза болуы, кешірімділік, кішіпейілділік, жомарттық, сабырлық, қарапайымдылық, бауырмалдылық, бірлік сияқты т.б. көптеген мақтаулы сипаттармен танылады. Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Мүміндерден иманы ең кәмілі – мінез-құлқы жақсы болғандары. Ал, сендердің ең жақсыларың – әйелімен жақсы қарым-қатынаста болғандарың».  Сондай-ақ, басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, мүміндердің ішінде иманы ең кәмілі – мінез-құлқы жақсы әрі отбасына мейірімді болғаны», – дейді. Әдептіліктің қайнар көзі мен негізгі қағидаларын Ислам дінінен іздеген дұрыс.

Ислам ғұламалары мінезді екіге бөледі:
1. Жаратылысынан Алла берген, анасүтімендарығанмінез.
2. Адам өзіеңбектеніп, өзіқалыптастыратын, өзітабатынмінез.

Көркем мінездің  түрі: Бірі – Алламен қарым-қатынастағы, екіншісі – адамдармен қарым-қатынастағы көркем мінез. Алламен қарым-қатынастағы көркем мінез: Алланың әмірлері мен бұйрықтарына қарсылықсыз риза болу, мейірімі мен кешірімін сезіне отырып қабылдау, тыйымдарына көндігіп, жүрегінің сол нәрседен тыныштық табуы, өзінің разы екенін білдіру, одан жалыққандық, ұнатпағандық көрсетпеу, нәпіл жақсылықтарға құштарлығын көрсету және барлық құлшылықты кең жүрекпен, құлшыныспен атқарып, қуана-қуана ұмтылу.

Адамдармен қарым-қатынаста болатын көркем мінез – өзінің құқықтары тапталып жататын болса,  сол нәрсеге кешіріммен қарау, өз құқығын өзгеден талап етпеу, ашуланбастан кешіріммен қарау, басқалардың хақыларын өтеу барысында өзгеніңкін өзініңкінен артық қою. Мәселен, мұндай адам өзі ауырғанда мұсылмандар зиярат етпесе, сапардан келсе, ешкім қарсы алмаса, сәлем бергенде, сәлеміне жауап берілмесе, қонаққа барса, ешкім оған құрмет көрсетпесе, біреуден шапағат сұраса, ешкім көмектеспесе, жасаған жақсылығына алғыс айтылмаса, жиынға кіргенде ығыстырылып орын берілмесе, сөйлегенде басқалар үнсіз тыңдамаса, сұрағанда рұқсат берілмесе, шегеруін сұрағанда, қарызы кешеуілдетілмесе ренжімейді, кек сақтамайды, ашуланбайды, яғни, бір қалыптан екінші қалыпқа ауыспайды. Көңілі ортайғандай әрекетке ұрынбайды. Мінеки, дәл осындай олқылықтарда ішкі де, сыртқы да қалпы өзгермеген адам – нағыз көркем мінездің иесі. Алла мен адамның мақтауына ілігетін адам! Оның бойында қарапайымдылық, тақуалық, жақсылық нұры бар. Осындай жақсы игі амалдар арқылы көркем мінезге қол жеткізеді.

اللّهمَّ كما حَسّنْتَ خَلقِي فَحَسِّنْ خُلُقِي

«Я Алла Тағала! Менің жаратылысымды көркем еткеніңдей, мінез-құлқымды да көркем ет!» (Ахмад)

Алла тағаладан мінезімізді көркем етіп, ақыреттегі есепте таразымыз сауап жағынан ауыр келуін нәсіп етсін.

Рашид Алпысбаев

«Рыскелді қажы» мешітінің наиб имамы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.