Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешітте айт намазы оқылды

0 254

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде мыңдаған елордалық жамағаттың қатысуымен, таңғы сағат 07:00-де айт намазы оқылды.

Таң сәріден Алла үйіне жиналған жамағатты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Руслан Байзақов Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Айт намазына арнайы келген ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау бөлімінің  меңгерушісі Смайыл Сейтбеков Құрбан айттың шығу тарихы және мән-мағынасы жайлы тұщымды уағыз-насихат айтты.

Намаздан кейін Айт хұтпасы оқылып, мешіт ақсақалдары Жаратушы Алладан еліміз бен жерімізге амандық, тыныштық тілеп, дұға жасады. 

Дұға жасалып болғаннан соң, мешітке жиналған мұсылмандар бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтап, мерекелік шаттыққа бөленді. 

Айт намазы оқылып болған соң, ниет білдірген қауым арнаулы белгіленген орындарда құрбандық шалуға бет алды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.