Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Балпық бидің ғибрат сөздері

0 771

Ғұмырды Алла береді,

Нәсібін пенде тереді.

Небір жақсы, жаманды,

Ұзақ жасаған көп көреді.

Абай болыңдар, ей, жаран,

Атаңа не қылсаң,

Алдыңа сол келеді.

 

 

Ерден ердің артығы бар.

Несі артық?

Топ жарып сөйлеген сөзі артық.

Аттан аттың артығы бар.

Несі артық?

Аршындай басқан қадамы артық.

Әйелден әйелдің артығы бар.

Несі артық?

Тыныш жүріп тындырған ісі артық.

Өлі арыстаннан тірі тышқан артық.

Жаман ағайыннан дұшпан артық.

Бәрінен де некелі жарды құшқан артық.

 

 

Аулыңда қария болса –салынған жолмен тең,

Атадан жақсы ұл туса – жалғыз да болса онмен тең.

Атадан жаман ұл туса – бастап қолмен тең,

Алғаның жақсы болса – пейіштен шыққан хормен тең.

Ажал жетсе – алдыңа қазып қойған ормен тең.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.