Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти елшімен кездесті

0 530

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Армения Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондянмен кездесті.

Басқосуда Наурызбай қажы Тағанұлы елшіге дүниежүзі халықтарын бірлік пен бейбітшілікке үндеп келе жатқан Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндердің VII съезінің рөлін айрықша атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметі, еліміздің дін саласында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып берді.

Өз кезегінде елші Армен Гевондян Армениядағы діни саясаты, адам құқығын қорғау бағытында жасалып жатқан іс-шаралар жайлы Бас мүфтиді хабардар етті. Қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндердің VII съезіне Армения тарапынан делегация келетінін жеткізді. Сондай-ақ Армения елшілігі ҚМДБ тарапынан өткізілетін іс-шараларға қатысуға дайын екенін жеткізді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.