Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Адамдармен қарым-қатынаста кеңпейіл, кешірімді болу

0 251

«Кімге) қандай жақсылық жасасаңдар да, Алла Тағала оны шүбәсіз біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят).Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) түйесін қарызға берген бір бәдәуи келіп, дөрекі тіл қатып, қарызын қайтаруды талап еткен еді. Сахабалар оның бұл қылығы үшін сазайын бергісі келгенде, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға: «Оған тиіспеңдер (Өзіне тиесілі дүниені) қайтарып алуға қақысы бардың сөйлеуге де қақысы бар», – деп тоқтау салды. Кейін сахабаларына: «Бұған түйесімен жасты бір түйе беріңдер», – деп тапсырды. Сонда сахабалары: «Уа, Алланың елшісі! Қолымызда оның түйесімен жастысы жоқ, тек одан үлкені бар», – дегенде, ол: «Ендеше соны беріңдер. Расында, іштеріңдегі ең қайырлы адам қарызын ең жақсы түрде өтейтін адам», – деп айтты», – деген (Бұхари, истиқрад 4; Муслим, мусақат 120).

Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Алла Тағала сатқанда да, сатып алғанда да және өзіне тиесілі ақының өтелуін талап еткенде де кеңпейілдік танытқан кісіні мейіріміне бөлесін!» – деп дұға еткен еді» – делінген. (Бұхари, буйуғ 16).

Әбу Масғуд әл-Бәдри (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сендерден бұрын өмір сүрген бір адам (о дүниеде) есепке тартылғанда, бірде-бір сауапты ісі болмай шығады. Алайда ол көзі тірісінде ауқатты кісі болғандықтан, көптеген адамдармен істес болып, кей адамдарға қарыз беріп, кейін өзінің қызметшілеріне қарызын өтей алмай қысылып жүргендердің қарыздарын кешіре салуды бұйыратын болған екен. Сол үшін Ұлы Жаратушымыз Алла Тағала періштелеріне: «Тарыққанды жарылқап кешіру оған қарағанда Бізге лайық іс. Олай болса, оның күнәларын кешіңдер», 221 – деп бұйырады», – деген (Муслим, мусақат 30).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.