Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астана қаласының бас имамы мешіт тыныс-тіршілігімен танысты

0 416

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне келді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа бағыттары бойынша жауапты имамдармен танысып, мешіт қызметкерлерімен бірге 2023 жылы атқаратын іс-шаралар жоспарын талқылады.

Мешіт жұмысын жандандыру, «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында атқарылар іс-шаралар, уағыз-насихат жұмыстары, қайырымдылық істері, т.б. өзекті діни мәселелер бойынша мешіт ұжымына байланысты өз ұсыныстарын айтып, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сонымен бірге, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіндегі жүргізіліп жатқан кеңейту, әрлеу жұмыстарының құрылыс барысымен танысып, игі іске сәттілік тіледі.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.