Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наиб мүфти имамдармен жүздесті

0 192

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев Алматыдағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтына арнайы барып, имамдармен кездесті.

Наиб мүфти еліміздің әр тарапынан білімін жетілдіруге келген елуге тарта имамға дәріс өткізді. Дін қызметкерлеріне білім іздеу жолында 3 қағиданы ұстанудың маңыздылығын атап өтті.

«Имамдардың білім дәрежесінің жоғары болуы, ол үшін дәрістерге толығымен қатысып үнемі білімге деген құштарлық пен ынта танытуы. Ал, үшіншісі – осы бастапқы екеуінің қорытындысы ретінде көркем мінезге қол жеткізу. Себебі әл-Фараби бабамыз айтқандай «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы».

Шынымен де, ынта мен зейін, білімге деген құштарлық, көркем мінез болмаса, онда имам келбеті қандай болмақ?  Имам, жамағатты ғана емес, елдің алдында үлгі тұтар тұлға болып қалыптасуы керек. Ертедегі бабаларымыз, Құранның көбін жаттамаған болса да, шапаны мен бас киімін тастамай, қушиып (қорыққын түрде) намаз оқып, көркем мінезімен артынан жамағатын толтырып, имандылықтың асыл үлгілерін көрсете білген» деді Кенжеәлі Қоңыратбайұлы..

Сондай-ақ наиб мүфти көркем келбетті насихаттай отырып, әр қимылдың қандай абзалдығын орнынан тұрып көрсете отырып, ғибратты сұхбатымен имам-шәкіртттерге терең ой салды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.