Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Интеллектуалды білім сайысы өтті

0 259

Елорда мешіт шәкірттері арасында «Рамазан – рухани азық» атты интеллектуалды білім сайысы өтті.

ҚМДБ Әйел қыздар секторына қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің әйел жамағатынан құрылған Аналар мектебі және «Рақым қызы Райса ана» мешітінің әйел жамағатынан құрылған Райса ана қыз келіншектер мектебінің ұйымдастыруымен «Рамазан айы және әйелдерге тән мәселелер» кітабы бойынша өткен сайысқа 6 команда қатысты.

«Ырыскелді қажы» мешітінің имамы Яхия қажы, ҚМДБ Астана қаласы бойынша өкілдігінен Жукенова Зарина құттықтау сөз сөйлеп, шәкірттерге сәттілік тіледі.

Білім жарысына Астана қыздар медресесінің ұстаздары қазылық жасады.

Сайыс «Таныстыру», «Ұяшық», «Сөз жұмбақ», «Суретке қарап дәлел табу», «Сұрақ жауап ойын» сынды 5 кезең бойынша өткізілді.

Нәтижесінде жүзден жүйрік шәкірттер анықталды. І орынды «Инабат» тобы,
ІІ орынды «Фирдаус гүлдері» тобы, ІІІ орынды «Райян» тобы иеленді.

Жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлық табысталды. Ал, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлығы үлестірілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.