Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Дүкендердегі діни кітаптар тексерілді

6 қаз 2023 973 рет оқылды
Дүкендердегі діни кітаптар тексерілді

Мешіт жанында атқарылып жатқан жат ағымның алдын алу жұмысының бірі – ҚМДБ тапсырмасы аясында діни әдебиеттерді қадағалап отыру. «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде бас имамның қадағалауымен бұл үрдіс жыл бойы жалғасып келеді.

Кезекті шара аясында мешіт имамдары Ниязов Ержан мен Әбжанов Әбдіәлі құлшылық ордасының маңайында орналасқа діни бұйымдар сататын дүкендердегі кітаптарды тағы бір мәрте тексеріп шықты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мешіт маңындағы дүкендерде көпшілік оқырман қауымға арналған Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебіне сай діни еңбектердің  ғана сатылуын қадағалау. Сол арқылы дәстүрімізді күстаналайтын, діни сенімімізді бұра тартатын, халқымыздың бірлігіне нұқсан келтіретін деструктивті ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу.