Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти шахтадағы апаттан қаза болғандардың отбасы мүшелерімен жүздесті

0 423

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апаттан қаза тапқан марқұмдардың жаназасын шығарды.

Бас мүфти жаназа рәсімінде қара жамылған отбасыларға көңіл айтып, сабырлық, жеңілдік тіледі.

«Уа, Алла Тағала! Отбасын асыраймын деп ауыр жұмыс барысында қаза тапқан кеншілерімізді өз мейіріміңе бөлегейсің. Иманын өздеріне серік еткейсің. Артында қалған жақындарына көркем сабыр бергейсің» деп дұға жасады ҚМДБ Төрағасы.

Айта кетейік, марқұмдардың жаназа рәсімі Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде және қалалық «Әл-Машани» мешітінде өтті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.