Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астана қаласының бас имамы мешітімізде жұма уағызын айтты

0 511

Қасиетті жұмада Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жұма намазын жүргізді.

Елорданың бас имамы жамағатқа ««Ашу – дұшпан, ақыл – дос» тақырыбында жұма уағызын айтты.

Е.Жүсіпов «Халқымыз да «Ашу – дұшпан» деп, оның қармағына түсіп қалудан сақтандырған. Көбіне ашу мен ақылды қатарластыра сөйлеп, «Ашу келсе – ақыл кетер», «Ашу – шабыстырады, ақыл – табыстырады» деп толғаған бабаларымыз. «Жақсы адамның ашуы – шәйі орамал кепкенше» деген де сөз бар халқымызда» дей келіп, дініміз бен дәстүрімізді ұштастырып насихат айтты.

«Күш-қуаты асып-тасыған, нағыз ер жүрек, батыр емес, нағыз мықты – ашу-ызасына ұстамдылық танытып, Алла тарапынан келген кез келген сынаққа сабыр ете білген адам» екенін еске салған Ерболат Жүсіпов ашудың түрлері, ашуды емдеудің жолдары жайлы тұщымды ой-пікілерімен бөлісті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.