Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дін қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты

0 2  582

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған дін қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына үн қосты.

Республикалық бас мешіт ауласындағы саябақта өткен игі іс-шарада дін қызметкерлері айналаны абаттандыру, ағаш отырғызу, тазалық жұмыстарын жүргізу сынды істерге үлес қосты.

Акция барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат берген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен еліміз бойынша 2024 жылғы 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жарияланды. Бұл бастамаға жер-жердегі дін қызметкерлері де үлес қосуда. Асыл дінімізде айналаны абаттандыру, тазалау, көгалдандыру жұмыстарына үлес қосу сауапты істердің бірі саналады. Бұл – жас ұрпақты ізгілік пен еңбекқорлыққа баулитын бастама. Сондықтан біз мұндай өнегелі істерді жан-жақты дәріптеуге көңіл бөліп келеміз», – деді.

153

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.