Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти бабалар рухына Құран бағыштады

Бас мүфти бабалар рухына Құран бағыштады

0 131

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жетісу облысына жұмыс сапарын бабалар кесенесіне зиярат жасаудан бастады.

Бас мүфти Жетісу өңірінің әйгілі билері әрі батырлығымен есімі елге мәлім Ескелді би, Балпық би және Жолбарыс бидің рухына Құран аяттарын бағыштады. Оларға Алла Тағаладан жарылқау мен ұрпақтарына амандық тіледі.

Айта кетейік, Ескелді би Жылкелдіұлы, Балпық би Деріпсалұлы мен Жолбарыс би Жылқыайдарұлы – бір заманда өмір сүрген, Абылай хан кезеңінде елді қорғап, жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрған батырлар. Ел ішіндегі даулы мәселелерді шешіп, халықты бітімге шақырғаны себепті би атанған. Кесенелері Жетісу облысының Қаратал ауданында орналасқан.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.