Алланы «зікір ету» дегеніміз – Оны еске алу сөздерін тілмен айтып жүрекпен сезіну. Алланы еске алатын ұлы сөздерді айтқанда бірнеше әдептерді сақтаған абзал.
Зікір айтудың мынадай әдептері бар:
~ Зікірді дәретпен айту деп саналады (дәретсіз айтуға да рұқсат);
~ Зікір айтарда Құбылаға қарап, ықыласпен отыру;
~ Айтылып жатқан зікір сөздеріне мән беру, мағынасын түсінуге тырысу;
~ Зікірді іштей айту. Зікірді мүлдем естілмейтіндей қылып айтуға болмайды. Тіл қозғалып, адам өзі
естейтіндей деңгейде айту;
~ Зікір еткенде дүниеден алыстап, ақыретті көбірек ойлау;
~ Зікір айтқанда әурет жердердің жабық болуы;
Зікірді әжетхана мен моншада айтуға болмайды. Одан басқа барлық жерде айта беруге рұқсат…
материал «Ескертуші» кітабынан алынды,
sunna.kz