Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Алладан жеңілдіктің келуін күту – ең үлкен құлшылық

4 жел 2024 404 рет оқылды
Алладан жеңілдіктің келуін күту – ең үлкен құлшылық

«Қайдан білесің, бәлкім, Алла бұдан кейін мүлдем басқа жағдай туғызар» («Талақ» сүресі, 1-аят).

Адам қиын жағдайға тап болған кезде, одан шығатын жер жоқ шығар деп ойлайды. Кейін Алла Тағаладан жеңілдік келеді.

Сафа мен Мәруаның арасында су іздеп жүрген Ажар анамыз баласының аяғының астынан барлық мұсылман ішетін зәмзәм суы шығады деп кім ойлаған? Алла Тағала осылайша бір хәлден екінші хәлге қас қағым сәтте ауыстырады.

Басымыздан өткерген қиын сәттерді бітпес деп ойлаған едік. Алайда олардың бәрі бүгін жай ғана естеліктер болып қалды. Үмітіңді үзбе! Жаратушыңа Сен!

Алладан жеңілдіктің келуін күту – ең үлкен құлшылықтардың бірі.

материал «Құран хат» кітабынан алынды,

sunna.kz