Дүйсенбі, 26 қазан 2026 ж. 15 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:51
Бесін 12:03
Екінті 15:15
Ақшам 17:05
Құптан 18:32
Мақалалар

Зікір мен истиғфар айтудың әдептері

4 жел 2024 1 132 рет оқылды
Зікір мен истиғфар айтудың әдептері

Алланы «зікір ету» дегеніміз – Оны еске алу сөздерін тілмен айтып жүрекпен сезіну. Алланы еске алатын ұлы сөздерді айтқанда бірнеше әдептерді сақтаған абзал.

 

Зікір айтудың мынадай әдептері бар:

~ Зікірді дәретпен айту деп саналады (дәретсіз айтуға да рұқсат);

~ Зікір айтарда Құбылаға қарап, ықыласпен отыру;

~ Айтылып жатқан зікір сөздеріне мән беру, мағынасын түсінуге тырысу;

~ Зікірді іштей айту. Зікірді мүлдем естілмейтіндей қылып айтуға болмайды. Тіл қозғалып, адам өзі естейтіндей деңгейде айту;

~ Зікір еткенде дүниеден алыстап, ақыретті көбірек ойлау;

~ Зікір айтқанда әурет жердердің жабық болуы;

Зікірді әжетхана мен моншада айтуға болмайды. Одан басқа барлық жерде айта беруге рұқсат...

материал  «Ескертуші» кітабынан алынды,

sunna.kz