Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Аллаға, Елшісіне, араларыңнан болған басшыларға мойынсұныңдар»

«Аллаға, Елшісіне, араларыңнан болған басшыларға мойынсұныңдар»

0 50

«Аллаға, Елшісіне әрі өздеріңнен болған басшыларға мойынсұныңдар» («Ниса» сүресі, 59-аят).

 

Ата бұл аятты былай тәпсір еткен: «…Ғалымдарға әрі фиқһшыларға да құлақ асыңдар. Расулға мойынсұну деген, Құран мен Сүннетпен жүру деген сөз» (Дарими, Муқаддимә 24).

Әбу Һұрайра (р.а.) түнді үшке бөлетін. Үштен бірінде ұйықтап, үштен бірінде намаз оқып, үштен бірінде Расулулланың (с.а.у.) хадистерін талқылайтын-ды. «Дарими, Муқаддимә 27).

Ибн Аббастың былай деп айтқандығы риуаят етілген: «Сен, «Расулулла былай деді, пәленше былай деді» деп Расулулланың сөзі тұрғанда басқа біреудің сөзіне мән бергендіктен жерге батырылып азапқа ұшыраудан еш қорықпайсың ба?» (Дарими, Муқаддимә 29)

Омар ибн Абдулазиз артына жазып қалдырған өсиет сөздерінің бірінде былай деген: «Шешімі кітап пен сүннетте айтылған бір мәселе жайлы ешкімнің де өзінің қалауына қарай көзқарас айтуға ақысы жоқ. Тек қана Құран мен сүннетте кездеспейтін мәсәлелерде көзқарас айтуға болады» (Дарими, Муқаддимә 39).

Ибнул-Мүсәйяб сапарда жүрген бір адамның екі рәкағат парыз намазға қосымша рәкағат қосып оқығанын көрді. Әлгі адам ибнул-Мусәйябқа: «Ей, Әбу Мұхаммед! Артық намаз оқығаным үшін Алла мені азаптай ма?» дегенде, ибнулМусәйяб, «Иә, Алла Тағала сені сүннетке теріс әрекет істегенің үшін азаптайды» деді (Дарими, Муқаддимә 39).

Хираш ибн Жүбәйір былай дейді: «Мешітте тас лақтырып отырған бір жас жігітті көрдім де «Ей, жігіт! Бұлай істеме; өйткені Расулулланың (с.а.у.) мұндай іске тыйым салғанын естідім» дедім. Ол сонда тас лақтыра берді. Мен оған «Бері қара жігітім! Мен саған Расулулланың хадисін айтып тұрсам да тас лақтыруыңды тоқтатпай жатырсың! Уаллаһи! Бұдан былай сенің жаназаңа да бармаймын, сенімен сөйлеспеймін де» дедім» (Дарими, Муқаддимә 40).

Ибн Сирин бір адамға хадис риуаят еткенда оған; «Пәленше бұл жайлы былай деген» деп айтқанда, «Мен саған Расулулланың хадисін айтып тұрмын. Сен маған «Пәленше былай деген» деп тұрсың! Уаллаһи! Бұдан былай сенімен сөйлеспеймін» деген (Дарими, Муқаддимә 40).

материал «Сүннеттің діндегі орны» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.