Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Көңіл тазалығы – дүниедегі жәннат

Көңіл тазалығы – дүниедегі жәннат

0 83

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларымен мешітте отырған уақытта:

 

– Қазір мына есіктен жәннаттық біреу кіреді, – деді.

Артынша есіктен Абдуллаһ ибн Сәләмә кіріп келді. Бұл жайтты Абдуллаһқа айтқанда ол:

– Мен – әлсіз бір пендемін. Алланың алдындағы бір үміт етерім – көңілімнің тазалығы, – дейді.

Көңіл тазалығы – дүниедегі жәннат. Көңіліне кірбің жинап жүретін адам өмірдің ләззатын, жақсылықтың дәмін сезбейді. Ол өмірден мейірім таппайды, оның қасында отырғандар да ол жерден мейірім таппайды.

Көңіліңе қоқыс жинама. Ішіне жаман қасиет жиналған көңіл – қабір тәрізді. Ешкім маңайына жолағысы келмейді. Пейіліңді кең, көңіліңді таза ұста. Өмір – өткінші, болмашы нәрселерге уақыт жұмсама!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.