Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алланың нығметімен Алланың пенделеріне тәкаппарлық жасама

Алланың нығметімен Алланың пенделеріне тәкаппарлық жасама

0 28

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларымен сұхбаттасып отырғанда бір кембағал кісі кіріп келеді де ауқатты біреудің қасына жайғасады. Әлгі ауқатты шапанын кембағалдан тартып қалады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  өңі өзгеріп:

– Байлығың оған көшіп, кембағалдығы саған өтіп кетеді деп қорықтың ба?

– Уа, Алла Елшісі! Байлық жаман ба?

– Иә! Сенің дүниең өзіңді тозаққа, оның кембағалдығы оны жәннатқа шақыруда.

– Мені ол жақтан не құтқарады?

– Оны жұбат!

– Істеймін, уа, Алла Елшісі! – дегенде әлгі кембағал:

– Жоқ, керек емес! – дейді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ауқатты кісіге қарап тұрып:

– Истиғфар айтып, бауырыңа дұға ет! – дейді.

Байлық, мансап, оқығандық – айып емес. Айып – бәрін кембағал көру, бәрін төмен санау, бәрін сауатсыз деп ойлау. Алланың нығметімен Алланың пенделеріне тәкаппарлық жасама…

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.