Тарауық намазда хатым түсіретін қарилар таныстырылды (фото)
Тарауық намазда хатым түсіретін қарилар таныстырылды (фото)
Мешітте алғашқы тарауық намазы оқылып, он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айының басталуына орай ел мешіттерінде тарауық намазы басталды.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде тарауық намазы оқылып, қаридың оқуымен қасиетті Құран хатым бастау алды.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Руслан Байзақов жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтап, Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы баяндап, мешіт жамағатын Рамазан айында атқарылар игілікті іс-шаралардан қалыс қалмауға шақырды. Сонымен бірге, ай бойы тарауық намазында Хатым жасайтын қариларды көпшілікке таныстырды.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде бір ай бойы төрт бірдей білікті қари Құран Хатым оқиды. Атап айтқанда:
1.Мұратов Теміржан Өтежанұлы
2.Аюбай Нұрмұхаммед Көптілеуұлы
3.Джалназаров Бейбіт Мухамадиұлы
4.Абдулла Бердібекұлы
Осылайша, білікті қарилар ай бойы жамағаттың алдында имамдыққа шығып, тарауық намазында хатым оқитын болады.
sunna.kz