Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алла Тағала оның тек ішіп-жеуден тыйылуына мұқтаж емес

Алла Тағала оның тек ішіп-жеуден тыйылуына мұқтаж емес

0 189

Ораза – нәпсінің (эго) тойымсыздығынан туындайтын азғындықтан, оның жаманшылығынан сақтайтын және күнәларымыздың кешірілуіне бірден-бір себепкер болатын маңызды құлшылықтың түрі. Ардақты Пайғамбарымыз: (с.ғ.с) «Кімде-кім (парыз екендігіне) сене отырып, сауабын жалғыз Алладан үміт ете отырып Рамазан оразасын ұстайтын болса, өткен күнәлары кешіріледі» (Бұхари, «Саум», 7) деп сүйіншілеген.

Басқа бір хадисінде: «Кімде-кімде Алла үшін бір күн (болса да) ораза ұстайтын болса, Алла Тағала ол пенде мен тозақтың арасын аспан мен жердей қашықтықта ұзақ қылады» (Тирмизи, Жихад, 3) деген. Тозақ кәпірлердің һәм күнәһарлардың мекені екендігі белгілі. Олай болса Алланың разылығын күйттеп ораза ұстаған пенде, Алланың қалауымен тозақтан аман қалып, жәннатқа кіреді. Тіпті ораза ұстаушыларға арнайы дайындалған «Райян» жәннатына.

Ораза тек аштықта болу ғана емес. Ораза – адамды жаман мінез-құлықтардан арылтып, бойымыздағы жақсы адами қасиеттерді көркейтіп, рухани тәрбиелейтін мектеп.

Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед: (с.ғ.с) «Кімде-кім жалған сөйлеуді және сол жалғандықпен өмір сүруді тәрк етпеген болса, Алла оның жеп-ішуден тыйылғандығына мән бермейді. (Оған мұқтаж емес)» (Бұхари, «Саум», 8) деп қатаң ескертеді. Яғни, бұл хадистен біз оразаның тек ішіп-жемнен тыйылу ғана емес екендігін анық аңғарамыз. Негізгі мақсаты – адамның адамдық қасиеттерін ояту, оны көркемділікке тәрбиелеу.

материал «Рамазан оразасы» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.