Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шымкентте ІІ республикалық бата беру байқауы басталды

Шымкентте ІІ республикалық бата беру байқауы басталды

0 91

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ақсақалдар арасында ІІ республикалық бата беру байқауы басталды.


Осымен республика деңгейінде екінші мәрте өтіп жатқан игі шараның мақсаты – қоғамда ақсақалдардың бата беру дәстүрін жаңғырту, жастарды имандылыққа, кішіпейілділікке, батылдық пен мәрттікке баулу, сөз қадірін арттыру, бата тек тілек айту ғана емес, тәлім мен тәрбие құралы екенін насихаттау.

Байқауға мүфтият жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Асылхан Өмірзақұлы, мәдениет қайраткерлері – Бақтияр Әбілұлы, Бекжан Асаубайұлы, белгілі ғалым, аудармашы Зәріпбай Оразбай қазылық етуде. Ал Әділқазылар алқасының төрағасы – ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы.

Сайысқа қатысқан ақсақалдар бата түрлерінен, белгіленген тақырып аясында берілген уақыт ішінде көркем бата жасаудан сынға түседі. Әділқазы алқасы бата берушілердің дауыс ырғағына, сөз саптауына, киім кию үлгісіне де баға береді. Байқауға ҚМДБ жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, мешіт ақсақалдары қатысуда.


Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.