Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен және «Әл-Фараби» мешітінің ұйытқы болуымен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Жақсы келін – ырысым» атты келіндер сайысы өтті.
Бұл игі іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының келіндерге тән әдеп-иба, салт-дәстүр мен отбасылық құндылықтарын жаңғыртып, жас буынның бойына ізеттілік пен инабаттылықты сіңіру болды.
Сайыс төрт номинация бойынша өтті:
- Өзін-өзі таныстыру,
- Киім кию әдебі,
- Өз өнерлерін көрсету,
- Кеспе көже пісіру.
Байқау барысында қатысушы келіндер ұлттық киім үлгісін таныстырып, қонақ күту әдебі мен дастарқан жаю дәстүрін көрсетті. Сонымен қатар, түрлі тұрмыстық және тәрбиелік сұрақтарға жауап беріп, өз өнерлерін ортаға салды.
Жарысты бағалаған қазылар алқасының құрамында қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева, сондай-ақ Астана қаласы өкілдігінің Әйел-қыздар секторының жетекшісі Күлсара Бекет болды.
Нәтижесінде:
1-орынды – «Aqmeshit» мешітінің келіні Құдайбергенқызы Сахиба,
2-орынды – «Abu Nasr al-Farabi» мешітінің келіні Жеңіс Мереке,
3-орынды – «Көктал» мешітінің келіні Әбдіжаппар Гүлнәр иеленді.
Іс-шара көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлап, ұлттық болмысты ұлықтаудың мән-маңызын тағы бір айқындады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар қоғамда отбасылық құндылықтарды дәріптеп, жас келіндердің үлгі боларлық бейнесін қалыптастыруға бағытталған.
Сайыс соңында үздік өнер көрсеткен қатысушыларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі