Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Мешіт ұжымы білікті ұстазбен толықты (фото)

«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Мешіт ұжымы білікті ұстазбен толықты (фото)

0 172

Бүгін қасиетті жұма намазында мешіттің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы жамағатқа мешіт ұстазы Отаров Ильяс Асангелдіұлын таныстырды.

Он бес жылға жуық асыл дінімізге қызмет етіп келе жатқан білікті ұстаздың алдағы жұмысына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Білімі:

  1. 1990-2001 ж.ж. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аққұм ауылы «Барбол Тоқтықожаұлы» атындағы орта мектепті Үздік аттестатпен аяқтаған;
  2. 2001-2006 ж.ж. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің инженерлік мамандығына мемлекеттік грантта степендиямен оқып, қызыл дипломмен тәмамдаған;
  3. 2006-2007 ж.ж. «Шымкент» медресесінің дайындық курсын оқыды;
  4. 2007-2010 ж.ж. «Шымкент» медресесін қызыл дипломмен аяқтады;
  5. 2016 жылы Каир қаласындағы «Әл-Әзһар» университетінде екі айлық имамдардың білімін жетілдіру курсын оқып қайтты;

Қызмет жолы:

  1. 2010-2011 ж.ж. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Аққұм ауылындағы «Төлебай Тұңғатар» мешітінде ұстаз қызметін атқарды;
  2. 2011-2014 ж.ж. Астана қаласы «Нұр-Астана» мешітінің сауат ашу курсында ұстаз;
  3. 2014-2019 ж.ж. Астана қаласы «Нұр-Астана» орталық мешітінің ұстазы;
  4. 2019-2022 ж.ж. Астана қаласы «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің наиб имамы;
  5. 2022-2023 ж.ж. Астана қаласы «Көктал» мешітінің имамы;
  6. 2023-2026 ж.ж Астана қаласы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы қызметін атқарған.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.