Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Рамазан – 2026: Алғашқы он күнде тарауих намаздарында 15 505 уағыз-насихат айтылды

Рамазан - 2026: Алғашқы он күнде тарауих намаздарында 15 505 уағыз-насихат айтылды

0 42

Бұл туралы бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Уағыз-насихат бөлімінің маманы Қазыбек Ануарбекұлы хабарлады.


«Уағыз-насихат» бағыты бойынша Рамазан айында жамағаттың рухани танымын арттыру мақсатында тарауық намазынан бұрын «Отыз күнге – отыз уағыз» жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде жүйелі түрде уағыз-насихат жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба шеңберінде мешіттерде күн сайын жамағатқа Рамазан айының құндылықтары, сабыр, тақуалық, қайырымдылық және ізгі амалдар туралы насихат айтылып, жалпы саны 15 505 уағыз-насихат ұйымдастырылды. Нәтижесінде бұл насихат жұмыстары арқылы 227 541 адам қамтылды.

Сонымен қатар ауызашар дастархандары барысында да жамағатқа тағылымды уағыз-насихаттар айтылып, Рамазан айының рухани маңызы кеңінен түсіндірілуде. Өңірлерде ұйымдастырылған ауызашарларда барлығы 5 346 уағыз-насихат айтылып, 645 070 адамға насихат жұмыстары жүргізілді»,- деді Қазыбек Ануарбекұлы.







Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.