Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

0 1  434

1-қыркүйек. Астана. Sunna.kz – Астана мешіттерінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай айт намазы оқылды. 

Бүгін мұсылман қауымның ұлық мейрамының бірі – қасиетті Құрбан айт! Аталымыш айтулы мерекеге орай, Елорда мешіттерінде айт намазы оқылды.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен, Астана қаласының мешіттерінде Құрбан айт мерекесіндегі іс-шаралар арнаулы бағдарлама бойынша, мереке ұлттық нақышқа сай өтілуде. 
Таң сәріден Алла үйіне жиналған жамағатты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Құрбан айттың шығу тарихы және мән-мағынасы жайлы тұщымды уағыз-насихат айтты.
Бекітілген кесте бойынша, сағат 07:00-да жамағатпен бірге айт намазы оқылды. Намаздан кейін айт хұтпасы оқылып, өмірден өткен мұсылмандар үшін Құран сауабы бағышталды. Сондан кейін, мешітіміздің ақсақалдары Жаратушы Алладан еліміз бен жерімізге амандық, тыныштық тілеп дұға жасады. Дұға жасалып болғаннан соң, мешітке жиналған мұсылмандар бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтап, мерекелік шаттыққа бөленді. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.