Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ ХАЛИФА АЛТАЙДЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

0 1  828

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Халифа Алтайдың жары Бибәтіш Жүнісқызының қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты, – деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі. 

«Дін және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, жазушы Халифа Алтай атамыздың аяулы жары Бибәтіш Жүнісқызы анамыздың қазасы туралы қаралы хабар менің де жаныма батып, қабырғамды қайыстырды. Қаза қайырлы болғай.

Халифа Алтай атамыздың ағайын-жұрт, туған-туыстарына Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамын.

Марқұм Бибәтіш анамыздың жаны жәннатта болып, Жаратушы Иеміз алдынан жарылқасын! Алла Тағала қазаның артын қайырлы еткей! Әмин!» – делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.