Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

МҰСЫЛМАН БЕТТЕГІ МЕҢ СИЯҚТЫ БОЛУЫ КЕРЕК…

0 3  032

Алла тағала тазалықты, барынша таза құлдарын жақсы көреді. Ислам діні тазалықты екіге бөледі. Ол – сыртқы және рухани тазалық. Мұндағы сыртқы тазалықтың өзі бірнеше бөлімге бөлінеді. Мысалы, отырған жердің тазалығы, киімнің таза-лығы, дененің тазалығы, ішер астың тазалығы, т.б. Отырған жердің тазалығы жөнінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с): «Екi түрлi қарғыс ар-қалаудан сақ болыңдар!», – дегені бар. Сонда сахабалары: «Әй, Алланың Елшiсi! Екi қарғысты арқалаушы дегенiңiз кiм?», – деп сұрайды. Ол: «Адамдар жүретiн жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы», – деген екен.
Расында, мұсылман бүлдiрушi емес, бүтiндеушi, қиратушы емес, дұрыстаушы, зиян келтiрушi емес, пайда әкелушi. Дінімізде қоршаған ортаны қорғау да жиi насихатталған. Ағаш отырғызу мен құдық қазу дiни тағылымдарда мақталып, мұсылмандар осы iстерге жұмылдырылған. «Кiмде-кiмнiң қолында бiр ағаштың көшетi (тал шыбығы) болса, қия-мет қайым басталып кеткенше қолындағы көшеттi егуге үлгере-тiн шама болса, соны дереу отырғызып үлгерсiн», – дейдi Пайғамбарымыз (с.ғ.с).
Тәннің тазалығы жөнінде де әңгімелесек. Ислам діні кейбір лас дүниелерден, нәжістен су, жаңбыр, күн нұры және топырақ (жер) арқылы тазаруды ұсынады. Өйткені, ластану жә-не тазаланбау кедейлік пен ауру туғызады немесе шайтан-ға баланады. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) «Қоқыс ше-легін үй ішіне қоймаңыздар, оны сыртқа қойыңыздар. Өйткені, қоқыс – шайтанның орны. Ыдыс-аяқты жуу және үйді тазалау рызықты арттырады», – деуі бекер емес. Расында, Исламның гигиеналық нұсқаулары кіршіксіз таза болуды көздейді. Ал мұндай талап өзге діннен табылмайды.
Төл дініміздегі гигиеналық та-залықты сақтау, аула мен үйдің маңын абаттандыру, тамақты асыра ішуден бас тарту сынды шарттар ең алдымен денсаулықты сақтауға негізделген. Сонымен қатар, адамның жаны мен тәніне зиян тигізетін барлық заттардан, алкогольді ішімдіктер мен есірткі шегуден бас тартуды насихаттайды. Лас және дұрыс емес тамақтану да адам денсаулығына зиян. Бүгінгі дәрігерлер де табиғи, таза тамақ жеуге шақырады. Жемістер мен көкөністер сияқты тамақтар адамның дене жасушаларын қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Осы орайда, имам Садықтың мына сөзін есімізге алсақ: «Барлық жемісте у бар. Егер жеміс-жидек жесеңіз, оны алдымен жуыңыз». Иә, адамдар микроб пен ұсақ тіршілік иелері жайлы хабары болмаған заман-да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен имамдар оларды шайтан немесе у деп атаған. Осылайша ағзаны ластайтын және ауру тудыратын заттардан бас тартуға шақырған.
Исламның денсаулық сақтау жайлы тәлімдерінде кейбір жемістердің қабығын аршымай жеуге кеңес береді. Алма, алмұрт, өрік сынды жемістерді қабығымен жесек, көптеген дәрумендер денеге сіңеді екен. Өйткені, бұл жемістердің нәрі олардың қабығы мен қабық асты бөлігінде жиналған. Тамақтың тазалығымен қоса, оның жаңа болуы да ерекше рөл атқарады. Дәрігерлер ғана емес, Құран мен Ислам риуаяттары да жас ет, таза (жаңа) жемістер мен көкөністер жеуге кеңес береді. Исламның соңғы Пайғамбары (с.ғ.с.) әр жемісті өз мезгілінде жеуді оңды деп санаған. Бұған «Жеміс-терді піскен кезінде жеңіздер! Өйткені, осы кезде ол адам денсаулығына пайдалы және қам-қайғыны жоюға көмекте-седі. Егер оны мезгілі өткеннен кейін жесеңіздер, адам денесіне зиянды және ауру тудыру қаупі бар», – дегені дәлел. Бұл – қазіргі ғылыммен де анықталған.
Исламның тазалық туралы кеңестерінің бірі – жуылмаған етті жеуге тыйым салуы. «Бауырым Иса бір қаладан өтіп бара жатыпты. Ол қала тұрғындарының беттері сар-ғайып, көздері көгеріп кетіпті. Олар Исаға өз аурулары жайлы айтқан екен. Иса «Сіздердің емдеріңіз өздеріңізбен бірге. Сіздер ет жер алдында оны жумай пісіресіздер. Дүниедегі ешқандай жануар тап-таза болып өмірден өтпейді» дейді. Содан кейін әлгі қаланың халқы өздері жейтін етті жуып, аурудан арылыпты». Бұл – Алла Елшісінен (с.ғ.с) жеткен бір хадис.
Адам қолымен әртүрлі заттарды ұстайтыны белгілі. Сондықтан қолдың тазалығы да, әсіресе, тамақ ішу кезінде өте маңызды. Имам Әли (ғ.с): «Тамақтың алдында және одан кейін қол жуу өмірдің ұзаруына себеп болады», – деген. Ислам тәлімдерінде тырнақ тазалығы мен оны қысқартуға өте үлкен көңіл бөлінген. Тырнақ – терінің қосымшасы. Қазіргі медициналық зерттеулерге қа-рағанда, оның астына қабыну тудыратын әртүрлі бактерия-лар мен паразиттер жиналады. Сондықтан тырнақты үнемі қыс-қартып тұру керек. Бұл үлкен де ауыр аурулардың алдын алады және ырыздықты арттырады.
Адамзаттың ардақтысы, пай-ғамбарымыз (с.ғ.с.): «Он нәрсе жаратылыстан бар. Олар – мұрт қысқарту, сақал өсіру, мисуак пайдалану, мұрынға (кеңсірікке) су жіберу арқылы жуу, ауыздың тазалығы, тырнақ алу, саусақ араларын салалап жуу, қолтықты түктен арылту, белден төменгі жерді (ұятты жерін) қыру, истинжа жасау», – деген. Құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! На-мазға тұрғыларың келгенде беттеріңді, шынтаққа дейін қолдарыңды жуыңдар, бас-тарыңа масих тартып, то-бықпен бірге аяқтарыңды да жуыңдар», – деген жолдар бар. Сондықтан дін дұшпандары Исламға тазалық жағынан еште-ңе айта алмаған.
Сахабаларын бір жерге ат-тандырарда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мына насихатты айтқан екен: «Сендер бауырларыңның жанына кетіп бара жатырсыңдар, көліктеріңді тәртіппен бір жүйе-ге қойыңдар, киім-кешектеріңді де дұрыстап реттеңдер, адам-дар арасында бет-әлпетіндегі сұлулық нышаны – мең сияқты болыңдар. Өйткені, Алла жа-ғымсыз көріністі және тұрпайы сөз сөйлегендерді жақсы көр-мейді». Иә, Расулулла (с.ғ.с) шашына, сақалына, киіміне, қысқасы сыртқы көрінісіне өте мән беріп, тістерін әрдайым мисуакпен тазалайтын. Өйткені, ол Исламның Пайғамбары болатын және Алланың ең соңғы дінінің үлгі-өнегесі еді. Демек, мұсылмандар да Пайғам-барымыздай тап-таза болуы қажет.

Әділ АГИТАЕВ,

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.