Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

ИСЛАМ – ТҰНЫП ТҰРҒАН ТӘРБИЕ МЕКТЕБІ

7 қар 2018 2 164 рет оқылды
ИСЛАМ – ТҰНЫП ТҰРҒАН ТӘРБИЕ МЕКТЕБІ
Серікбай қажы ОРАЗ, Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз балалар мен жасөспірімдердің республикалық «Ақ желкен» журналына берген сұхбатында Ислам дінінің асыл құндылықтары туралы әңгімелеп берді.
«Дін – тұнып тұрған тәрбие мектебі. Сондықтан, жалпы қоғамның даму үдерісінде рухани құндылықтардың қанат жаюының бірден-бір себебі – асыл дініміздің адамзатты имандылыққа үндеп, жақсылыққа жетелейтіндігінде. Оның артықшылығы ішімдік, нашақорлық, жемқорлық секілді адамды қос дүниеде қор ететін теріс қылықтардан, қылмыстан қайтаруында.
Адамның жан-дүниесіне аса қажетті нәрсе руханият екендігін ескеру керек. Өйткені, адам баласы жаратылысынан бастап оның жүрегінде Құдайға деген сенім ұялайды. Осы тұрғыдан айтқанда, қоғамда дінге, иманға деген ықыластың көрініс табуы заңды құбылыс», – деген ойын жеткізді Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.