Хазірет Әнәс (р.а.) былай әңгімелейді: «Бір күні Әбу Талханың ұлы сырқаттанып қалады. Әбу Талха бірер сәтке тысқа шығып кеткен кезде, баласының демі үзіледі. Әбу Талха құдай қосқан қосағының қасына келіп: «Балам қалай?» – деп сұрады. Әйелі Үммі Сүлейм: «Ол бұрыңғысынан әлдеқайда тәуір, ұйықтып қалды», – деп жауап берді де, кешкі асты әкелді. Сол түні Әбу Талханы әйелі еш алаңдатпай жатып қалады. Сосын Үммі Сүлейм жағдайды күйеуіне естіртеді. Баланы жерлейді. Сосын Әбу Талха (р.а.) Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп, болған жайды айтып берді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Түнде әйеліңмен бірге болдың ба?» – деп сұрады. Әбу Талха: «Иә», – дейді, және әйелімен жақындасқаны жайында да емейірін білдіреді. Сонда Алланың елшісі: «Уа Аллаһым, осы түнді олар үшін қайырлы қыла гөр!» – деп дұға қылады.
Сол түнде бойына бала біткен Үммі Сүлейм шекесі торсықтай ұл туды. Әбу Талха: «Баланы алып Расулаллаға бар», – деп қалтасына бірнеше түйір құрма салып берді әйелін Пайғамбарымызға жібереді. Баланы Пайғамбарымызға (с.ғ.с) апарғанымда, Ол: «Тағы не әкелдің?» – дейді. Үммі Сүлейм: «Азын-аулақ құрма әкелдім», – дейді. Расулалла құрмаларды аузына салып, бірер шайнады да, баланың таңдайын сол құрмамен басады. Сосын шақалақтың атын Абдулла деп өзі қояды.
Бұхаридің басқа бір риуаятында Суфиян ибн Уәйнаның былай айтқаны бар: Бір ансар: «Алла елшісінің дұғасы қабыл болып, Үммі Сүлейм Абдулланы туды. Сол Абдулланың тоғыз ұлын көрдім, бәрі де Құран оқитын», – дейді».
SUNNA.KZ