Бас мүфти 30 мың орындық жаңа мешіт құрылысымен танысты (ФОТО)
18 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елорданың Есіл ауданында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.