Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 ж. 29 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 03:02
Күн 04:51
Бесін 12:24
Ақшам 19:47
Құптан 21:36
Мақалалар

Ақыретті немен сатып алуға болады?

27 жел 2024 414 рет оқылды
Ақыретті немен сатып алуға болады?

Кім өмір жайлы ой жүгіртетін болса – бұл өмірдің қысқа екеніне көзі жетеді. Кім өмірден өткен болса, оны ұзын деп ойлайды.

 

Бірақ қабірде тұру – бәрінен ұзақ екендігіне көзі толық жетеді. Қияметтегі тұруды есептесе – оның елу мың жыл тұратынын біледі, ал енді жәннат пен тозақтағы тұруды есептесе – оның соңы жоқ екеніне көзі жетеді. Егер қайтадан мән беріп, назар салып қарайтын болса, онда дүниенің мерзімі аз екеніне көзі жетеді.

Мысалға, жер бетінде алпыс жыл өмір сүрсең – оның отыз жылы ұйқыға кетсе, он бес жылың балалық шақпен кеткен күнің. Өзіңде қалған уақыттарыңды санасақ, ішіп-жеу мен басқада қажеттіліктерді өтеумен уақыт өтеді.

Егер уақытың осылай өтетін болса, ақіретіңе не қалады? Ақыретім деп істеген амалдарыңның ішінде рия, ғапілет толы. Олай болса ақырет немен сатып алынады – осы сағаттармен сатылып алынады.

материал  «Ибн Жаузидің баласына өсиеті» кітабынан алынды,

sunna.kz