Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 ж. 29 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 03:02
Күн 04:51
Бесін 12:24
Ақшам 19:47
Құптан 21:36
Мақалалар

«Марқұм ата-анаға сауап бағыштаудың мың әдісі бар»

27 жел 2024 529 рет оқылды
«Марқұм ата-анаға сауап бағыштаудың мың әдісі бар»

Бірде Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) бір кісі келіп:

– Уа, Алла Елшісі! Анам аяқ асты дүние салып кетті. Оның орнына садақа берсем бола ма? - деп сұрайды.

– Әрине! - деп жауап берді Пайғамбарымыз (с.ғ.с).

Марқұм ата-анаға сауап бағыштаудың мың әдісі бар. Ауырғанға дәрі сатып алып бер де, сауабын ата-анаңа бағышта!

Күн ыстықта жолда су тарат та, сауабын оларға бағышта!

Жеті-сегіз шелпек пісіріп, ауладағы балаларға таратып, сауабын бағышта!

Бір кісі көшеден зиянды заттарды алып жатып: «Мынау – анам үшін, мынау – әкем үшін» дейді екен.

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz