Дүйсенбі, 26 қазан 2026 ж. 15 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:51
Бесін 12:03
Екінті 15:15
Ақшам 17:05
Құптан 18:32
Бір күнде бір аят

Рамазан оразасының әдебі: Ауызашарда көп дұға ету

25 ақп 2026 262 рет оқылды
Рамазан оразасының әдебі: Ауызашарда көп дұға ету

Рамазан – дұғалар қабыл болатын ай. Дұға қабыл болатын бұл күндері әрбір мұсылман көп дұға етуі керек. Әсіресе ауызашар уақыты – дұға қабыл болатын сәт. Сол үшін ауыз ашқанда дұға жасау – мұстахаб. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үш адамның дұғасы қайтарылмайды: ораза ұстаушының ауыз ашқанға дейінгі, әділ басшының, жәбірленушінің дұғасы», – деген.

Басқа хадисте Алла елшісі: «Ораза ұстаушының дұғасы қайтарылмайды», – деген. Біреуден бір мәрте бірдеңе сұрасаң, береді. Екінші рет сұрасаң, береді. Үшінші рет сұрайын деп бара жатқаныңнан: «Мынау тағы бірдеңе сұрайын деп келе жатыр», - деп ренжиді. Ал Хақ Тағаладан сұрау мәселесіне келер болсақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтады: «Алла Тағала Өзiне дұға етпеген пендесiне ашуы келедi» («Сунәну Ибн Мажәһ»).

«Дұғаға босаңсымаңдар! Өйткенi дұға етумен ешкiм апатқа ұшырамайды» («Әл-Жәмиъус-Сағир»).

материал «Ораза: әдебі мен міндеттері» кітабынан алынды,

sunna.kz