Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:27
Күн 04:28
Бесін 12:26
Ақшам 20:13
Құптан 22:14
Мақалалар

Сәресін ерте ішіп қоюға бола ма?

25 ақп 2026 234 рет оқылды
Сәресін ерте ішіп қоюға бола ма?
Сұрақ: Сәресін ерте ішіп қоюға бола ма?

Жауап: Ораза ұстаушыға сәресін таң намазына жақындатып ішу және аузын тездетіп ашқан сүннет болып саналады[1]. Зайд ибн Сәбиттен жеткен хадисте былай делінеді: «Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге сәресін ішіп болған соң, намазға тұратын едік»[2].

Тағы бір хадисте: «Адамдар ауыз ашуға асыққан сайын әрдайым жақсылықта болады»[3], – делінген.

Сондықтан сәресін таң намазының уақытына жақындатып ішу әрі ауызды күн батқаннан кейін тездетіп ашқан дұрыс.

  [1] Асғад Мухаммад Сағид әс-Сағуржи, «әс-Сәум», 23. [2] «Сунәну әт-Термизи», 2/104. [3] «Сунәну әт-Термизи», 2/103.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

sunna.kz