Сейсенбі, 4 тамыз 2026 ж. 21 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:41
Күн 04:39
Екінті 17:39
Ақшам 20:01
Құптан 21:58
Жаңалықтар

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Оңтүстіктің бас мешітін зиярат етті (ФОТО)

16 сәу 2018 1 792 рет оқылды
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Оңтүстіктің бас мешітін зиярат етті (ФОТО)
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Оңтүстік Қазақстан облысының бас мешітіне арнайы ат басын бұрып, зиярат етті, - деп хабарлайды ОҚО орталық мешітінің баспасөз қызметі. Мәретебелі мейманды ОҚО өкілі әрі облыстық мешіттің бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев қарсы алып, Оңтүстіктің құлшылық ордасымен таныстырды. Министр мырза Құран оқытып, барша Қазақ елінің амандығын тілеп бата жасады. Құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен жақын танысқан Министр ОҚО орталық мешітінің ұжымына сәттілік тіледі. ОҚО өкілі Бақтыбай қажы Бейсенбаевпен бірқатар мәселелер бойынша сұхбат жүргізді. Әңгіме барысында діни кадр дайындау мәселелері, білім беру жүйесін дамыту тетіктері, тағы да басқа түйткілді тақырыптар қозғалды. IMG 336 IMG 337 IMG 338