Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

АДАМНЫҢ ИМАНЫН ӨЛШЕП, БАҒА БЕРУГЕ ҚАҚЫМЫЗ ЖОҚ – БАС МҮФТИ (ФОТО)

16 сәу 2018 3 163 рет оқылды
АДАМНЫҢ ИМАНЫН ӨЛШЕП, БАҒА БЕРУГЕ ҚАҚЫМЫЗ ЖОҚ – БАС МҮФТИ (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Атырау қаласында «Құспан-молла» мешітінде ақшам намазынан кейін жамағатқа айтқан уағызында осылай деді, - деп хабарлайды  ҚМДБ баспасөз қызметі.
«Кейбір бауырларымыз түсінбестіктен айналасындағы адамдарды дінсіздікте айыптап, күпірлікке шығарып жатады. Адамның иманын өлшеуге яки оның сеніміне баға беруге біздің ешқандай қақымыз жоқ. Өйткені, жүректі білуші – жалғыз Алла. Ата-анамыздың, көршіміздің, туған-туыстарымыздың, жалпы қоғамның бізде хақысы бар. Ата-анамыз болғаны үшін олармен көркем қатынас жасауымыз тиіс. Көршіміз өзге дін өкілі болса да оның көршілік хақысын беруіміз қажет. Хадисте айтылғандай, ақыретке сенетін мұсылман туыстық қарым-қатынасты үзбейді. Міне, сүннет, пайғамбар жолы дегеніміз осы», – деп жамағатқа насихатын жеткізді Серікбай қажы Ораз.
Бас мүфти «Құспан-молла» мешітінің құрылыс жұмыстарына демеушілік жасаған қайырымды кәсіпкерлерді алғыс хатпен марапаттап, ізгі лебізін білдірді.