Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

ҚМДБ: АЛМАТЫДА ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

17 сәу 2018 2 328 рет оқылды
ҚМДБ: АЛМАТЫДА ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)
Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен қасиетті Рамазан айы қарсаңында Төралқа мәжілісі басталды, - деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Мәжіліске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, облыстың бас имамдары қатысуда. Алқалы жиында ҚМДБ жұмысын жаңғырту жоспары, Рамазанға дайындық, жаңа ашылған мешіттерге ат қою, т.б. мәселелер талқыланбақ. Сонымен қатар, облыс имамдарының бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалады.
«Қазір біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі – мүфтияттың жұмысын жаңғырту. Қасиетті Рамазан айы да жақындап келеді. Оразаға дайындық жұмыстарын әрдайым пысықтап отыруымыз тиіс», – деді Серікбай қажы Ораз.