Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

ҚМДБ «ЗЕКЕТ» ҚОРЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

17 сәу 2018 2 262 рет оқылды
ҚМДБ «ЗЕКЕТ» ҚОРЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Талғат Омаров ҚМДБ жанындағы «Зекет» корпоративтік қорының директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі. 

Алматы қаласында өтіп жатқан Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы Талғат Омаровтың Қызылорда облысының өкіл имамы қызметін атқарған кезеңде жүзеге асырған игі жұмыстарына оң баға беріп, жаңа лауазымды қызметіне сәттілік тіледі.

Бас мүфти осыған дейін «Зекет» корпоративтік қорының директоры болған Әлішер Спановқа алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді. Қазақы дәстүрге сай, иығына шапан жапты.