Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

МЫСЫР БАСШЫСЫ БАС МҮФТИДІ І ДƏРЕЖЕЛІ ОРДЕНМЕН МАРАПАТТАДЫ (ВИДЕО)

20 қар 2018 1 742 рет оқылды
МЫСЫР БАСШЫСЫ БАС МҮФТИДІ І ДƏРЕЖЕЛІ ОРДЕНМЕН МАРАПАТТАДЫ (ВИДЕО)
Египет Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Сиси Мысырдың Уақыф министрлігінің ұйымдастыруымен әл-Әзһар университетінде өткен пайғамбардың туған күні – мәуліт мерекесі аясында Ислам ғылымына үлес қосқан бірқатар ойшылдарды, ғалымдарды марапаттады, - деп хабарлады muftyat.kz.
Ислам дініне, білім мен ғылымға еңбегі сіңген қайраткерлердің арасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз да бар. Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы I дәрежелі ғылым мен өнер орденімен марапатталды.