Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 ж. 28 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:05
Күн 05:36
Екінті 16:44
Ақшам 18:46
Құптан 20:16
Жаңалықтар

Елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

23 қар 2018 1 917 рет оқылды
Елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Терроризмге қарсы астаналық жедел штабы оқу-жаттығулар жиынын өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.
«22 қараша күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Терроризмге қарсы астаналық жедел штабы Астана қаласының «Алматы» аудандық полиция бөлімшесінің ғимараты маңында (Бөрілі, 18) лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өткізеді», - делінген хабарламада. 

Іс-шараның негізгі міндеті – терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабтың күш-құралдарының дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу кезінде кейбір шектеуліктер болады. 

Осыған орай қала қонақтары мен тұрғындарын сабырлық сақтап, түсінушілік танытуын сұрайды.