Сәрсенбі, 29 шілде 2026 ж. 15 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 04:30
Бесін 12:26
Екінті 17:45
Ақшам 20:11
Құптан 22:13
Дін

МӘШҺҰР ЖҮСІП: АДАМ АЛЛАНЫ ҚАЛАЙ ТАНЫМАҚ?

7 ақп 2019 2 115 рет оқылды
МӘШҺҰР ЖҮСІП: АДАМ АЛЛАНЫ ҚАЛАЙ ТАНЫМАҚ?

Ғылым-білім немен болады? Ең алды құдайды, кұдайтағаланы танымақ. Ол құдайды қайтсе таниды? Әркім өзін таныса, сонда тәңірісін таниды. Қазақ қариялары да айтады жақтырмаған кісісін: "бұл, шіркін, өзін танымайды, кімді таниды?" - деп. Олай болғанда, ғылым-білімге талап қылушылар алдымен өзін тануды мақсат қылу керек.

Мәшһұр Жүсіп Көпеев

Алматы. "Ғылым" 1992 ж. 75-бет.

 SUNNA.KZ