Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 ж. 2 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:11
Күн 05:41
Екінті 16:38
Ақшам 18:39
Құптан 20:08
Мақалалар

ИМАН ЖӘНЕ ҰЯТ

10 шiл 2018 11 759 рет оқылды
ИМАН ЖӘНЕ ҰЯТ

Жәбірейіл алейһиссалам ақыл, ұят және иманды Адам алейһиссаламға әкеліп былай деді:

-Ей Адам! Алла тағала саған сәлемін айтты. Алып келген мына үш сыйлықтың бірін қабыл алуыңды бұйырды. Адам алейһиссалам:

-Әкелген бұл үш сыйлықтың ішінен ақылды қабыл алдым. Жабрейіл алейһиссалам иман мен ұятқа қарап:

-Сендер бара берсеңдер болады,-дейді.

Сонда Иман оған:

- Алла тағала маған ақыл қайда қалса, сен де сонда қал деп бұйырған. Сондықтан мен ақылдан айрылып кете алмаймын!

Ұят та:

-  Алла тағала маған да дәл солай бұйырған. Мен де ақылдан айрылып кете алмаймын! Алла тағалакімге ақыл берсе, ұятпенен иман онымен бірге болады. Ақылы болмаған адамның ұятыда да, иманы да болмайды.