Сенбі, 19 қыркүйек 2026 ж. 8 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:50
Бесін 12:13
Екінті 16:27
Ақшам 18:25
Құптан 19:53
Мешіт тынысы

Наиб мүфти мешіт жамағатына насихат айтты (фото)

8 рет оқылды
Наиб мүфти мешіт жамағатына насихат айтты (фото)

Қасиетті жұма күні наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатқа насихат айтты.


Мешіттің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы мешіт жамағатына жұма құтпасын оқығаннан кейін наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы «Отбасы бақыт пен береке тірегі» тақырыбында насихат айтып, отбасы құндылықтары – халқымыздың рухани байлығының бірі екенін, Отан деген қасиетті ұғымның өзі отбасынан басталатынын атап өтті.

«Алла Тағаланың бұл өмірде адам баласына берген үлкен нығметінің бірі – шаңырақ көтеріп, отбасылы болу. Отбасын құру – барлық пайғамбардың сүннеті. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Рағыд» сүресінің 38-аятында: «Расында сенен бұрын да пайғамбарлар жібергенбіз. Оларға да жұбайлар, ұрпақтар бергенбіз», – деп айтылған.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Некелесу – менің сүннетім. Кімде-кім сүннетімді орындамаса (бас тартса), менен емес. Үйленіңдер. Өйткені мен қиямет күні өзге үмбеттердің алдында сендердің көптіктеріңді мақтан етемін. Кімде-кім үйленуге шамасы жетсе, үйленсін. Үйленуге шамасы келмесе, ораза ұстасын. Өйткені ораза ол үшін қалқан болады», – деген (имам Бұхари)» деді  наиб мүфти.

Сондай-ақ, отбасылық өмірдің мәнін келтіріп, шаңырақтың тұрақтылығын, бақыты мен берекетіне әсер ететін себептерге кеңінен тоқталды.

Насихат соңында Алла Тағала бәрбіріміздің отбасымызға береке, елімізге амандық беріп, баршамыздың Алла риза болатындай үлгілі отбасылардан болуымыз үшін мешіт жамағатымен бірге дұға жасады.

sunna.kz