Бейсенбі, 30 шілде 2026 ж. 16 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:28
Күн 04:31
Екінті 17:44
Ақшам 20:10
Құптан 22:12
Мақалалар

Неге әкесі тірі кісі бас ұстамайды?

30 мам 2025 559 рет оқылды
Неге әкесі тірі кісі бас ұстамайды?

Адамның Алладан кейінгі пірі – өзін өмірге әкелген ата-анасы. Қазақта әке – шаңырақтың тірегі, отбасының тұтқасы. Осындай алдыңда асқар таудай әке тұрғанда баласы бас ұстап, әкенің жолын кесуді ойына да алмаған, бұл – қазақтың ұғым-түсінігіне мүлде жат қылық.

Тіпті өзі балалы-шағалы болса да, егер әкенің көзі тірі болса, бас ұстамайды. Қайта әкенің амандығын тілеп, өзінің әлі де әкелі «бала» екеніне шүкіршілік етеді. Әке өмірден өткен жағдайда көрші-көлем, дос-жаран марқұмның қырқы өткен соң қаралы үйдің қамкөңіл адамдарын қонаққа шақырады. Оны бір жерде - «көңілшай», тағы бір өңірде «жұбату шай» немесе «еңсе көтеру» деп те атайды.

Қалай аталса да, басқаның қайғы-қуанышын көтерісе білетін көңілге қарағыш халқымыздың бұл да бір текті ғұрпы.

Осындай қонақтықта жөн білетін үлкен кісілердің бірі ұлына: «Қарағым, енді әкеңнің орнын жоқтатпай шаңыраққа ие болатын сенсің.

Отбасыңның береке-құтын жұтатпай үй ішіңе қамқор бол, әкеңнің түтінін түзу шығаруыңа Алла нәсіп етсін!» - деген секілді тілектерді айтып, алдына бас тартады. Бұл – тек бас мүжу емес, азаматқа жүктелген үлкен міндет.

материал «Күретамыр» кітабынан алынды,

sunna.kz