Дүйсенбі, 2 қараша 2026 ж. 22 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:35
Бесін 12:03
Екінті 15:03
Ақшам 16:52
Құптан 18:20
Мақалалар

Торайғыр бидің әділдігі

4 шiл 2022 829 рет оқылды
Торайғыр бидің әділдігі

Бір түйелі кісіге бір жаяу жолдас болып, сонда түйелі жаяуға:

–Түйенің жабуынан бір қолыңмен ұста да отыр, - депті.

Әлгі жаяу түйелінің айтуы бойынша түйенің жабуынан ұстап еріп отырыпты. Бір жерге жеткенде түйе зорығып өліпті де, түйелі жаяумен дауласып, ақыры Торайғыр бидің алдына келіпті.

Жаяу:

–Мен жалғыз қолыммен жабудан ұстап отырғаннан басқа, дәнеме қылғаным жоқ, - деп ақталыпты.

–Қанша жер ұстап отырдың? - деп, жер мөлшерін сұрап алып, – сол айтқан жерге шын қолыңды жоғары көтеріп отырып бар. Егер де соған шын қолыңды жоғары көтерген бойы бара алмасаң, түйенің төрттен бірін төле, - депті.