Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Тәубе айы

0 223

Рамазан айы жылына бір рет келетін зор мүмкіндік. Ғибадат айында ерекше рухани атмосферада іс-амалдарды електен өткізіп, иманды жаңартуға, ізгілік істер арқылы жүректі жұмсартуға болады. Ал осы бір мүмкіндікті кәдеге жарата алмау нағыз дімкәстікті білдіреді.

Әл-Хаким таратқан риуаят бойынша бірде Пайғамбар (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына мінберді әкелуге бұйырады. Сосын әкелінген мінберге көтеріліп бара жатып «Әмин» деп үш рет айтады. Сосын қайтадан төмен түседі.

Сахабалары мұның мәнісін сұрайды. Сонда Алла Елшісі (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Маған Жебірейіл (а.с.) көрініп: «Рамазанға жетсе де, күнәсі кешірілмеген жан аулақ кетсін!» – деді. Мен: «Әмин», – дедім. Екінші мәрте көтерілгенімде: «Сенің есімің аталғанда салауат айтпаған жан аулақ кетсін!» – деді. Мен: «Әмин», – дедім. Үшінші мәрте көтеріле бергенімде: «Ата-анасының екеуі, не біреуі көз алдында қартая тұра, жұмаққа кіруіне себепкер бола алмаған (ата-анасына лайықты қызмет ете алмаған) жан аулақ кетсін!» – деді. Мен тағы да «әмин»  дедім».

«Мүбәрак Рамазан» кітабынан

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.