Take a fresh look at your lifestyle.

Қасапшыларға арналған семинар-тренинг өтеді

0 184

Барша мұсылман үшін қасиетті Құрбан айт мейрамы жақындап қалды. Жыл өткен сайын халық мерекенің қадір-қасиетін тереңінен сезініп, құрбандық шалушылар қатары көбейіп келеді.

Шариғи нормаларды сақтап, құрбандық малын сою – үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан «Нұр Астана» орталық мешіті құрбандық шалынатын нысандарда қызмет ететін қасапшыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырады. Дәріс барысында қасапшылық қылатын азаматтарға білікті діни мамандар құрбан шалудың шариғи үкімдері мен талап-шарттарын кеңінен түсіндіреді. Ислам талаптарына сай мал союдың қыр-сырын үйренген тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылады.

Семинар 28 тамыз күні сағат 15:00-де «Нұр Астана» орталық мешітінде өтеді. Толық мәліметтерді 44-58-48, 87025299909 телефондары арқылы алуға болады.

ummet.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.