Take a fresh look at your lifestyle.

АЙТ МЕЙРАМЫ – ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРМЕН ЖАЛҒАСТЫ (ФОТО)

0 223

1-қыркүйек. Астана. Sunna.kz – Құрбан айт мерекесіне орай, мешітімізде ұлттық ойындардан жарыстар өтті.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің тапсырмасымен, Құрбан айт мейрамына орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ұлттық спорт ойын түрлерінен мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен ел мешіттерінде бастау алған игі шара айттың бірінші күні Елорда мешіттерінде қатарынан үшінші жыл өткізілуде.

Мерекелік іс-шаралар аясында өткізілетін жарыста ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтті. Атап айтсақ, асық ату, гір көтеру, қол күрес  қатарлы спорттық ойын түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылып, өткізілген әр номинация бойынша жеңімпаздар марапатталды.  Жеңімпаз атанған азаматтарға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің найб имамдары бағалы сыйлықтар табыстады.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.