Take a fresh look at your lifestyle.

БАС МҮФТИ “ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ” ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫН ҚАБЫЛДАДЫ

0 5  356
Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Өнер қырандары» театры ұжымын қабылдады.

«Өнер қырандары» театр ұжымы Серікбай қажы Сатыбалдыұлын Бас мүфти болып сайлануымен құттықтап, жоғары лауазымды қызметіне сәттілік тіледі.

Кездесу барысында Бас мүфти театр имандылық пен ұлтымыздың асыл құндылықтарын насихаттап жүргені жайында әңгіме өрбітті. «Өнер қырандары» театрының директоры Мадияр Серікбаев Бас мүфтиге алғысын айтып, театр жұмысы жайлы және алдағы жоспарлары туралы сөз қозғады.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:

«Қазақ елінің тәуелсіздігінің ширек ғасырға татитын белесінде, соның ішінде руханият, мәдениет саласында жеткен жетістіктерімізде «Өнер қырандары» театрының белсенді қызметі мен тарихи, ізгі іс-шараларының қолтаңбасы жатқаны белгілі. Ұлтымызды имандылыққа ұйытып, халқымызды игілікке бастап, асыл дініміздің абыройын асқақтатқан руханият жолындағы қажырлы қызметтеріңіз бен елеулі еңбектеріңізді халықтың пайдасына қызмет ете беруге тілектеспін», – деп, театр ұжымына ақ батасын берді.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз келген театры ұжымына ислам дінінің қазақ даласына дәнегі егілгеннен бастап, бүгінге дейінгі тағылымды тарихы қамтылған «Ұлы дала темірқазығы» атты кітапты сыйға тарту етті.

Өз кезегінде «Өнер қырандары» театры ұжымы атынан Бас мүфтиге иығына шапан жауып құрмет көрсетті.

Айта кетейік, «Өнер қырандары» театры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс-шараларына өз өнерлерімен үнемі қолдау көрсетіп келеді.

  muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.